Суды қалай және қанша мөлшерде ішкен өте маңызды?

0

Адам денесінің 70% судан тұрады. Барлық он екі мүшеміздің тіршілігі үшін ағзамызға су өте маңызды.

💧Су ішпейтін адамдардың көпшілігі тек шөлдегенде ғана ішеді. Ол дұрыс емес. Шөлдеу деген сезім-сусызданудың ең қауіпті белгісі. Бүкіл ағза кептірілген жеміс сияқты солып, сусызданып жатыр деген.

💧Бүкіл ағзамыздың дұрыс зат алмасуы үшін: қоюланған қанды сұйылтып, барлық ағзалар мен тіндерге жеткізу тікелей суға байланысты.

💧Ағзаға керек емес қалдықтардың шығуына да су қажет.

💧Ағза қартайған сайын судың қажеттілігі жоғарылай береді.

💧Ағзаға су жетіспегеннен де, үнемі артериальды қысым төмен болуы мүмкін. Жалпы қан қоюлап кетеді. Үнемі қан қысымы төмендеп, себебін таппай жүргендерге пайдалы ақпарат болсын. Ағзаға түсетін суды реттеу керек.

👩‍⚕️Сол себепті суды қалай және қанша мөлшерде ішкен өте маңызды❓

Бір күнде ағзадан тыныс алу, терлеу, үлкен және кіші дәрет кезінде шығып кететін мөлшермен есептейміз. Интенсивті физикалық жүктеме кезінде, белгілі аурулардың себебіне байланысты ағза сусыздануға ұшыраған кезде, мөлшері арта түседі.
Ең кем дегенде 1,5 литрден төмен болмауы керек.

Су ішу ережесі:

💧Әр тамақтың алдында 15-30минут бұрын және тамақтан кейін ағза қалуы бойынша.
💧Әр күніңізді, кем дегенде 200мл таза фильтрленген, бөлме температурасындай стакан сумен бастаңыз.

Нақты қанша мөлшерде ішу керек екендігін алдағы видео ақпараттан, өзіңіздің дене салмағыңызға сәйкес есептеуді мысалмен көрсетемін.

Көңіл бөлу керек екенін көрсететін симптомдар туралы

0

Әдетте “Өзіңе қара” -деп жиі айналаңыз айтып кетсе, сразу шаштараз, маникюр, шопининг жасап кететіндер бар. Бірақ өкінішті жағдай, өзі үшін емес, дәрігерге жаны көзіне көрініп жатқанда немесе жоспарлы операция алдында амалдың жоқтыған баратындар көп. Жай өзім үшін деп, алдын алайын деп келетіндер өте аз 😔.

Сонымен өзіңе денсаулық тұрғысынан көңіл бөлу керек екенін көрсететін симптомдар туралы жазайын.

🛑Депресия, жылауық, ашуланшақ, бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айну, құсу, іш өту, температура, 2 аптадан ұзақ жөтелу, кеуденің қысып ауруы, қанды бөлінділер;🛑 Сүт безіндегі жайсыздық, ісіну,ауырсыну;
🛑 Кіші дәреттің жиілеуі;
🛑 Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынулар;
🛑 Іштің төменгі жағының ауырсынуы;
🛑 Етеккір цикл бұзылысы (құйып және көп мөлшерде келуі, аз келуі, ретсіздік);
🛑 Тері түсінің өзгерісі;
🛑 Қолға сезілетін және көз көрінетін түйіндердің пайда болуы;

Жоғарыда жазған шағымдарыңыз болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

Асқазанға салмақ түсіп, қиналып жатсаңыз…

0

Жаңа жылдық дастарханнан асқазанға салмақ түсіп, қиналып жатсаңыз, онда осы посты оқып, лайк басып, сақтап алып, өзгелерге бөлісіңіз.

Ас қорыту жүйесіне жаңа жылдық меню үлкен салмақ салады. Жемейін десек, көзің тартып, артық жеп қойып қойғанымыз анық.

Енді не істейміз?

1. Су көп ішеміз. Дене салмағымызды 30-ға көбейтіп, қатал режимді бақылап ішу керек. Мысалы: дене салмағыңыз 50кг х 30=1500 мл су ішу керек.

2. Көкөністі салаттар күндігіне 2 рет х 2 алақандай жеуге болады. Одан басқа ешқандай қосымша тамақтың керегі жоқ. Су +көкөніс салаттар. Көкөністе көбірек қызанақ болуын кеңес беремін. Себебі көкөністер дөрекі талшықтар, іштегі керек емес заттарды сыпырғыш тәрізді сыртқа сыпырып шығаруға көмектеседі. Қызанақ-құрамында табиғи салициаттары көп екен. Салициаттар –аспирин қышқылының қызметі сияқты қоюланған қанды сұйылтып, қанды тазартады.

3. Минералді сулар (боржоми, сарыағыш, ессентуки және т.б) – негізгі қызметі ішек маторикасын күшейтеді. Іш қатулар кезінде жақсы көмектеседі.

Тамақ алдында 20-30 минут бұрын.

3-5 мл 1 кг салмаққа (Балаларға 75 мл көп емес)
Емдік курс 20-30 күн.
Нәтижесі 5-7 күндері көрінеді.

Жаңа туған сәбиді күту үшін қажетті заттар

0
The infant with a stethoscope

Жаңа туған сәбиге 0-28 күнге дейін тегін берілетін аптечка Перинаталдық орталықта ( роддомда) беріледі.

Жаңа туған сәбиді күту үшін қажетті заттар:
1. Бала күтімі туралы ақпарат қазақ және орыс тілінде;
2. буклет: Национальный календарь прививок в одном экземляре;
3. Суға арналған термометр (1 дана;)
4. медициналық термометр (1 дана);
5. стерилді бинт (1 дана);
6. Мұрын жолына арналған шырыш сорғыш (1 дана);
7. Балаларға арналған крем (1 дана);
8. Балаларға арналған сабын (1 дана);
9. Қолға арналған антисептик (1 дана);
10. оралді регидратационды тұздар – 2 упаковка;
11. стерилді мақта, 200 грамм.

Тегін берілетін дәрілерден құр қалмаңыздар

0

2020 жыл аяқталғалы жатыр. Жергілікті емханаларыңызда мемлекеттен берілетін тегін дәрілерде аяқталмай жатқанда, ертерек анализдер тапсырып, анемия бар ма? Жоқ па? Біліп алып, тегін берілетін дәрілерден құр қалмаңыздар.

Анемияға қарсы дәрілер айтарлықтай қымбат емес әрине, бірақ емді ұзақ талап етеді. 3-6-12 айға дейін, сондықтанда мемлекет халықтың барлығын емес, ең маңызды, нәзік жандар мен балаларды тегін дәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен анемияға қарсы тегін дәрілерді кімдер ала алады?

  1. фертилді жастағы әйелдер (15-49 жас аралықтағы)
  2. 18 жасқа дейінгі балалар.

Анемияның орта және ауыр дәрежесінде гемоглобин көрсеткіші 89г/ л төмен болған жағдайда ғана беріледі. Себебі емдік курсы 6-12 ай құрайды.

Нәзік жанды 15-49 жас аралығындағы әйелдер өмірге ұрпақ алып келе алатын жаста болады. Олардың ағзасында анемия орта немесе ауыр дәрежеде кездесе өз өмірі мен болашақ сәбиге де өте зиян.

Ал 18 жасқа дейінгі баладар мен айтпасамда, бүкіл елдің болашағы.