Әдетте “Өзіңе қара” -деп жиі айналаңыз айтып кетсе, сразу шаштараз, маникюр, шопининг жасап кететіндер бар. Бірақ өкінішті жағдай, өзі үшін емес, дәрігерге жаны көзіне көрініп жатқанда немесе жоспарлы операция алдында амалдың жоқтыған баратындар көп. Жай өзім үшін деп, алдын алайын деп келетіндер өте аз 😔.

Сонымен өзіңе денсаулық тұрғысынан көңіл бөлу керек екенін көрсететін симптомдар туралы жазайын.

🛑Депресия, жылауық, ашуланшақ, бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айну, құсу, іш өту, температура, 2 аптадан ұзақ жөтелу, кеуденің қысып ауруы, қанды бөлінділер;🛑 Сүт безіндегі жайсыздық, ісіну,ауырсыну;
🛑 Кіші дәреттің жиілеуі;
🛑 Жыныстық қатынас кезіндегі ауырсынулар;
🛑 Іштің төменгі жағының ауырсынуы;
🛑 Етеккір цикл бұзылысы (құйып және көп мөлшерде келуі, аз келуі, ретсіздік);
🛑 Тері түсінің өзгерісі;
🛑 Қолға сезілетін және көз көрінетін түйіндердің пайда болуы;

Жоғарыда жазған шағымдарыңыз болса, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз