Жаңа жылдық дастарханнан асқазанға салмақ түсіп, қиналып жатсаңыз, онда осы посты оқып, лайк басып, сақтап алып, өзгелерге бөлісіңіз.

Ас қорыту жүйесіне жаңа жылдық меню үлкен салмақ салады. Жемейін десек, көзің тартып, артық жеп қойып қойғанымыз анық.

Енді не істейміз?

1. Су көп ішеміз. Дене салмағымызды 30-ға көбейтіп, қатал режимді бақылап ішу керек. Мысалы: дене салмағыңыз 50кг х 30=1500 мл су ішу керек.

2. Көкөністі салаттар күндігіне 2 рет х 2 алақандай жеуге болады. Одан басқа ешқандай қосымша тамақтың керегі жоқ. Су +көкөніс салаттар. Көкөністе көбірек қызанақ болуын кеңес беремін. Себебі көкөністер дөрекі талшықтар, іштегі керек емес заттарды сыпырғыш тәрізді сыртқа сыпырып шығаруға көмектеседі. Қызанақ-құрамында табиғи салициаттары көп екен. Салициаттар –аспирин қышқылының қызметі сияқты қоюланған қанды сұйылтып, қанды тазартады.

3. Минералді сулар (боржоми, сарыағыш, ессентуки және т.б) – негізгі қызметі ішек маторикасын күшейтеді. Іш қатулар кезінде жақсы көмектеседі.

Тамақ алдында 20-30 минут бұрын.

3-5 мл 1 кг салмаққа (Балаларға 75 мл көп емес)
Емдік курс 20-30 күн.
Нәтижесі 5-7 күндері көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз