2020 жыл аяқталғалы жатыр. Жергілікті емханаларыңызда мемлекеттен берілетін тегін дәрілерде аяқталмай жатқанда, ертерек анализдер тапсырып, анемия бар ма? Жоқ па? Біліп алып, тегін берілетін дәрілерден құр қалмаңыздар.

Анемияға қарсы дәрілер айтарлықтай қымбат емес әрине, бірақ емді ұзақ талап етеді. 3-6-12 айға дейін, сондықтанда мемлекет халықтың барлығын емес, ең маңызды, нәзік жандар мен балаларды тегін дәрімен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен анемияға қарсы тегін дәрілерді кімдер ала алады?

  1. фертилді жастағы әйелдер (15-49 жас аралықтағы)
  2. 18 жасқа дейінгі балалар.

Анемияның орта және ауыр дәрежесінде гемоглобин көрсеткіші 89г/ л төмен болған жағдайда ғана беріледі. Себебі емдік курсы 6-12 ай құрайды.

Нәзік жанды 15-49 жас аралығындағы әйелдер өмірге ұрпақ алып келе алатын жаста болады. Олардың ағзасында анемия орта немесе ауыр дәрежеде кездесе өз өмірі мен болашақ сәбиге де өте зиян.

Ал 18 жасқа дейінгі баладар мен айтпасамда, бүкіл елдің болашағы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз