Адам денесінің 70% судан тұрады. Барлық он екі мүшеміздің тіршілігі үшін ағзамызға су өте маңызды.

💧Су ішпейтін адамдардың көпшілігі тек шөлдегенде ғана ішеді. Ол дұрыс емес. Шөлдеу деген сезім-сусызданудың ең қауіпті белгісі. Бүкіл ағза кептірілген жеміс сияқты солып, сусызданып жатыр деген.

💧Бүкіл ағзамыздың дұрыс зат алмасуы үшін: қоюланған қанды сұйылтып, барлық ағзалар мен тіндерге жеткізу тікелей суға байланысты.

💧Ағзаға керек емес қалдықтардың шығуына да су қажет.

💧Ағза қартайған сайын судың қажеттілігі жоғарылай береді.

💧Ағзаға су жетіспегеннен де, үнемі артериальды қысым төмен болуы мүмкін. Жалпы қан қоюлап кетеді. Үнемі қан қысымы төмендеп, себебін таппай жүргендерге пайдалы ақпарат болсын. Ағзаға түсетін суды реттеу керек.

👩‍⚕️Сол себепті суды қалай және қанша мөлшерде ішкен өте маңызды❓

Бір күнде ағзадан тыныс алу, терлеу, үлкен және кіші дәрет кезінде шығып кететін мөлшермен есептейміз. Интенсивті физикалық жүктеме кезінде, белгілі аурулардың себебіне байланысты ағза сусыздануға ұшыраған кезде, мөлшері арта түседі.
Ең кем дегенде 1,5 литрден төмен болмауы керек.

Су ішу ережесі:

💧Әр тамақтың алдында 15-30минут бұрын және тамақтан кейін ағза қалуы бойынша.
💧Әр күніңізді, кем дегенде 200мл таза фильтрленген, бөлме температурасындай стакан сумен бастаңыз.

Нақты қанша мөлшерде ішу керек екендігін алдағы видео ақпараттан, өзіңіздің дене салмағыңызға сәйкес есептеуді мысалмен көрсетемін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз